Qazaqsha | Русский
Школы города Алматы
» » №156 жалпы білім беретін мектепте "Жаңа жыл" мерекелік шаралары өтуде

№156 жалпы білім беретін мектепте "Жаңа жыл" мерекелік шаралары өтуде

Qosyldy: 26.12.19
Аvtor: admin
Pikirlerи (0)

Зал мерекеге сай безендірілген. 

-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар Бүгін сізге жырдан алқа тағайын, Шат күлкіге толы болсын маңайың. Көргендер де көрмегенде арманда. Жаңа жылың құтты болсын ағайын. Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын, Ай жүзіндей айшықтанып, арайың. Жанға шуақ, бойға қуат әкелген. Жаңа жылың құтты болсын ағайын. Бүгінгі жаңа жыл кешін мектебімізде барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен басталды. Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын бастауыш сыныптың оқушыларымен бастадық. Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтауды ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясы сіздерді шын жүректен құттықтайды !!!!