Qazaqsha | Русский
Школы города Алматы
» » Алматыда қала әкімінің шыршасы өтті

Алматыда қала әкімінің шыршасы өтті

Qosyldy: 24.12.19
Аvtor: admin
Pikirlerи (0)
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен аз қамтылған отбасылар мен ата-ананың қарауынсыз қалған екі жүз бала үшін жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды.
 
Қала әкімінің шыршасына бірінші және тоғызыншы сынып оқушылары, оның ішінде жетім және мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары шақырылды. Әр балаға сыйлықтар берілді.
«Бүгін сендердің өз батырларың бар, шырша мерекесіне жаңа жылдық костюмдермен келдіңдер және міндетті түрде орындалуы тиіс ізгі ниеттеріңді ойладыңдар. Бастысы – жақсы оқу және білімге ұмтылу, терең білімнің арқасында ғана байтақ еліміздің лайықты азаматтары ретінде сүйікті қаламыздың дамуына өз үлестеріңді қосатын боласыңдар», - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Аяз ата, Ақшақар мен бірге Алдаркөсе, Тазша бала және «Мұзды Джек» мультфильміндегілержаңа жылдық қойылымның кейіпкерлеріне айналды. Жаңа жылдық көрсетілімге «Сенім» вокалды-хор студиясы, «Непоседы», «Наз», «Аспан», «Еркеназ» би ұжымдары және «Diamond» шоу-балеті қатысты.