Qazaqsha | Русский
Школы города Алматы
» » Айналаңды нұрландыр

Айналаңды нұрландыр

Qosyldy: 26.12.19
Аvtor: admin
Pikirlerи (0)

«Айналаңды нұрландыр» – айналаңа қамқорлық танытып, ізгілік дәнін себу, жарқын да, нұрлы өмірге жол бастау деген ұғым.  Қоғамымыздың әр мүшесі жеке тұлға дейтін болсақ, әр адам өзінің әл- Фараби бабамыз жазып кеткен
 «Қайырымды қала», яғни қайырымды һәм өркениетті қоғамға қол жеткізу үшін, оның әрбір толыққанды мүшесі өзінің өмірде жүктелген міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқару керек. Бұл турасында университетіміздің ректоры Ғ.Мұтанов: «Кез-келген жан өмірде қандай із қалдырамын деген ойды есте берік ұстауы керек. Көреалмаушылық, қызғаншақтық бар жерде еш даму болмайды.  Аяқтан шалу, арызқойлық жақсы қасиет емес. Небір ізгі ниеттерді жастар бойын қалыптастыру арқылы өркениетке қол жеткіземіз.Өркениет арқылы, алған ілім-білімдерді жақсы іске жұмсау арқылы, тәрбиеге ден қою арқылы елді, ұлтты дамытамыз. Міне, «Айналаңды нұрландыр жобасының діттеген мақсаты осы»,- деп анықтама береді. 

  «Айналаңды Нұрландыр» жобасы  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде соңғы 9 жылда университет оқытушылары және студенттер арасында кеңінен танымалдыққа ие болды.
     Бұл қозғалыстың  негізін қалаушы Аньянг университетінің құрметті президенті Юнг Сил Ким   мырза. Бұл қозғалыстың бастапқы мақсаты барлық азаматтар бейбіт және бақытты өмір сүре алатын қоғамның практикалық принципін табу болатын. Ол қытай халқының «Sega» (46-том, Сега( тарих)) атты кітабынан «Айналаңды нұрландыр» жобасының  ұраны ретінде: «Талмай еңбектеніп, өз еңбегінің жемісін көретін адам - ол әрбір қоғамды жоғары бағалайтын адам»,-таңдап алған.


Айналаңды Нұрландыр атты қозғалыс жастарға тиімді, терең білім берудің және білікті  маман  даярлаудың  жолдарын қарастыру  барысында, сонымен қатар еліміздің жастарының  ұлттық рухын көтеріп, күш  беруді көздейді. Осы жобаның нәтижесінде «Айналаңды нұрландыр!» жастар арасында кең етек жайып келеді.  Бұл жобаның негізгі идеясы-  әрбір жеке адам өз үйінде, отбасында жұмыс орнында  өз мойнына жүктелген міндеттерін үлкен жауапкершілікпен орындап, адал қызмет атқарса, көп ұзамай еңбек өз жемісін беретіні анық, осының негізінде бүкіл ел өңірінде өмір- бейбіт, салауатты, мәдениетті және бақыт ордасына айналады. «Айналаңды нұрландыр» қозғалысының ең маңызды  рухани ұстанымдары: 

 Отбасында әке мен шеше ата-аналық парызын улкен сүйіспеншілікпен орындап  өнегелі ұрпақ тәрбиелесе;
  Ұл  мен қыз өз перзенттік  борышынан бас тартпай, ата-анасын аялап құрметтесе;
 Студенттер  бар күш- жігерімен  жақсы  білім алуға талпынса;
 Оқытушылар өздерінің әрбір шәкіртіне жоғары деңгейде білім беруден жалықпаса;
 Қызметкерлер өз жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен орындаса;
 Ел басқарып отырған ел ағалары өз қызметін ел алдында адал атқарса, барлық ел көлемінде бейбіт және берекелі мерекелі өмір орнайды.
«Айналаңды Нұрландыр» қозғалысының  мағыналық концепциясы  мынадай ұғымдардан тұрады: Айнала- бұл әрбір адамның өмір сүретін орны, яғни үйі, жұмыс  орны-  мектеп, университет, кәсіпорын, мекеме, зауыт, фабрика  және т.б.
   Нұрландыр- бұл сөз метафорикалық  мағынаны білдіреді, яғни әрбір  адамның іс әрекеті, жүріс тұрысы, адамдармен қарым қатынасы. Нұрландыру – ол өз жұмысын сапалы және үлкен жауапкершілікпен,орындау, адал қызмет атқару. Егер әрбір азамат өз айналасын нұрландырса, яғни жарық сәулесін түсірсе, бүкіл мемлекет аумағы нұрға  бөленіп, халқының жүзінен мейірімділік пен адамгершілік айқын  көрініс табады.Жақсы әрекеттердің жарық сәулесі барлық жат қылықтарды, жағымсыз әрекеттерді,надандық пен жамандықты жойып, бүкіл айналаны нұрландырып, көркейтеді. Ел миллиондаған азаматтардан құралады. Әрбір азаматтың жасаған игі істері бір тұтастыққа бірігіп, нәтижесінде мемлекеттің ең биік шындардан көрінуіне себеп болатыны хақ.

     «Неліктен өмір сүремін», «Бақыт деген не?» деген секілді өмірлік маңызды сұрақтардың жауабын, осы қозғалыстың философиялық құндылығынан білеміз. Әрқайсысымыздың өмірлік  мақсаттарымыз  бар және осы мақсаттарға қол жеткізу үшін ерік-жігерімізді саламыз. Біз бақытты болу үшін өмір сүреміз, жұмыс істейміз. Бақытты болуды қалау - өмірдің негізгі заңы.

    Бақыт деген жан дүниеміздің гүлденуі, сондай-ақ басқа адамдармен үйлесімді қарым-қатынас жасаудың  нәтижесі болып табылады. Қоғам бақытты болуы  үшін әрбір адам үйлесімде өмір сүруі керек.  Барлығы үйлесімділік табу үшін, әркім өзіне жүктелген істі орындауы қажет. Басқаша айтқанда, үйлесімділікке жетудің жолы, өз айналамызды нұрландыру және ең жоғары және ең жарқын нәтижеге жетуге барынша тырысу.


Дайындаған:       М.Ж.Мырзахмет

әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті  

шет тілдер кафедрасының оқытушысы