Qazaqsha | Русский
Школы города Алматы
» » Тәуелсіздік туы желбіреген!

Тәуелсіздік туы желбіреген!

Qosyldy: 13.12.19
Аvtor: admin
Pikirlerи (0)

    28 жыл бұрын Қазақстан егеменді мемлекет болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылдады. Қазақстан өзінің басты ұлттық мерекесін 16-17 желтоқсанда атап өтеді. Тәуелсіздік күніне орай        әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университетінің  химия және химиялық технология факультеті, фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығының  1 курс студенттерімен  ағылшын тілінде тақырыптық «Independence Day of Kazakhstan» атты ашық сабақ өткізілді. Нышанбаева Аружан, Лесбек  Сымбат,Жаңабаева  Құндыз Желтоқсан көтерілісі жайлы баяндама жасады. Баяндамада Желтоқсан көтерілісі себептері, көтеріліс хронологиясы, тарихи маңыздылығы және құрбандары мен батыр ұл-қыздары жайлы  айтылды. Сондай-ақ, «Желтоқсан оқиғасы» атты көрініс  көрсетілді. Көріністе Әсілбек Алтынай, Абдуов Самат, Нұржанқызы Айдана, Қайыртай Сания, Баянбаев Бекжан актерлік шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендері толғанттырды.
  Ашық сабағымыз Нұрахметова Нұрайдың орындауындағы  студенттеріміздің патриоттық сезімін оятатын «Қазақстаным» атты әнімен жалғасты.

    Қазігі таңда,120-дан астам мемлекет Қазақстанмен ресми түрде танылды және дипломатиялық қатынастар орнатты.  Қазақстан БҰҰ-ның толыққанды және белсенді мүшесі болып табылады, ЕО, ЕҚДБ, ХВҚ, Қызыл Крест, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО сияқты ең ықпалды халықаралық ұйымдармен қатынастарды нығайтты. Қазақстан 40-тан астам көпжақты және 700-ге жуық екіжақты келісімдер мен шарттарға қосылды. 16 желтоқсанда елімізде түрлі шаралар мен мерекелік іс-шаралар өтеді.   

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен шыққан құттықтауларымды қабыл алыңыздар! Бұл ұлы мереке Қазақстан Республикасының еркіндігі мен күшінің нышаны болып табылады. Тәуелсіздік алғаннан бері біздің халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табыстарымен жалғастырды.Тәуелсіздік жылдарында біз әлемдік қауымдастықтың мойындауына және үлкен ілгерілеуге қол жеткіздік.

Осы айтулы күні сіздерге мықты денсаулық, өркендеу және тұрақтылық тілейміз! Сіздің үйіңізде әрқашан бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік орнасын. Тәуелсіздік Күні құтты болсын!

Дайындаған: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шет тілі кафедрасының оқытушы Мырзахмет М.Ж