Qazaqsha | Русский
Школы города Алматы
» » Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні!

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні!

Qosyldy: 29.11.19
Аvtor: admin
Pikirlerи (0)


       Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай  әл-Фараби атындағы  Химия және химиялық технология факультетінің  1 курс студенттерімен тақырыптық ашық сабақ өткізілді.Сабақ Таупихова Салтанат және Құсбақ Айсулу жасаған презентациямен басталды. Олар мейрамның тарихы жайлы айтып берді. 2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын.
 
Әлемнің көптеген елдерінде алғашқы көшбасшылар мен негізін қалаған мемлекет қайраткерлері елдің дамуында, ұлттың біртұтастығында және әлемдік қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде халықаралық аренада орналасуында шешуші рөл атқарады. Мәселен, Америка Құрама Штаттары қазір президенттер күні деп аталатын Джордж Вашингтонның туған күнін 1885 жылдан бастап ресми мереке ретінде атап өтеді.
Қойшыбай Зере,Төлеген Анель,Мекенова Меруерт  Тұңғыш Елбасымыздың көреген саясаты жайында баяндамалар жасады.

        Қазақстан тәуелсіздігін алғашқы күндерінен бастап Президент  
 Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық көзқарасы мен көреген саясаты Қазақстанның қазіргі заманғы көпұлтты қоғамын қалыптастыруға көмектесті. Елбасының Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу туралы бастамасы арқылы дінаралық диалогты ілгерілету Қазақстанның бүкіл әлемде адам құқықтары мен жалпы бостандықтарын нығайтуға деген ұмтылысының тағы бір дәлелі болып табылады.

Экономикалық реформалар мен өршіл инфрақұрылым мен индустриялық бағдарламалар Қазақстанды бүгінде шетелдік инвестициялар мен сауда үшін ең қолайлы елдердің біріне айналдырды. Қазақстан сыртқы сауданың 12 есе және өнеркәсіп өндірісінің 20 есе өсуіне қол жеткізді. 2015 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді және 2050 жылға қарай дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат етті.

      Әлемдік аренада Қазақстан ядролық қаруды таратпау, аймақтық интеграция және халықаралық даулар бойынша бейбіт келіссөздердің жақтаушысы болып табылады. Соңғы онжылдықта Қазақстан, атап айтқанда, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын, Ислам ынтымақтастық ұйымын және Шанхай ынтымақтастық ұйымын басқарды. Automobilių dalys internetu pigiau Kaune ir Vilniuje pigiausiosdalys.lt

       Оның бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сындарлы рөлін кең көлемде мойындау Қазақстанның тарихта тұңғыш Орталық Азия елі, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайлануына әкелді. 2017 жылғы маусым-қыркүйек аралығында Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбында Бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 өтті.

    Сондай ақ, студенттер баяндамаларында Тұңғыш Президентіміздің өмір баяны, отбасы,білімі  еңбек жолы, даңқтары және хоббиі жайлы айтып өтті.
 Жәуке Бекзат және Жуматаев Ельнұр  “Кім Ұтқыр” викторинасын ұйымдастырып, қызықты мәліметтерімен бөлісті. Және сабақтың соңында, Жеңісбек Мөлдір  “Қазақ елі” әнін айтты, Жәуке Бекзат және Жуматаев Ельнұр “әл-Қисса” күйін шертіп өз өнерлерін паш етті.
      Тәуелсіз Қазақстанның көптеген салалардағы таңғажайып жетістіктері - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегі мен күшті саяси ерік-жігерінің нәтижесі.
 
Тұңғыш Президент күніне арналған ашық сабақ өте сәтті өтті деп ойлаймын.

Студенттер Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен саяси қызметі туралы толығырақ білді.Студенттеріміздің патриоттық сезімдері оянып, оқуға деген құштарлығы артты және  ортаға шығып  өз ойларын айтып пікір-талас жүргізіп,білімдерін арттырды.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің

Шет тілі кафедрасының оқытушысы Мырзахмет М.Ж

                                                               Кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие                   жұмыстары бойынша орынбасары  Жиреншина К.А


Бейбіт заман елімізде азатпыз,

Өзгелерден көш ілгері озатпыз.

Нұр атамдай елбасы бастап биіктерге, 

Шыңдарда қалықтаған Қазақпыз .


Жас толқынға көрсеткен өнегені,

Өзіңіздей Елбасына сенеді елі.

Елімнің жарқын болып болашағы,

Бүгінде әсем ел боп көрінеді.


Басшымыз дара жолмен басқарған, 

Көңіл бөліп, үміт күтер жастардан.

Жастар жылын жариялап бұл жылда,

Сенім артып, асады деп асу шыңды асқардан.


Елбасым-халықымның жанашыры, тірегі,

Өзіңдей басшы еді Қазағыма керегі.

Елімде аман болып,Елбасым да,

Осы ғой барша жұрттың тілері.


Елбасымен жаса мәңгі Ұлы елім, 

Елжірейді елім десе жүрегім.

Көк байрағың желбіреп мәңгі көгіңде,

Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегің!


АвторыЕкпін Айбота 

Химия және химиялық технология факультетінің  1 курс студенті.