Qazaqsha | Русский
Школы города Алматы
» » Университет мақтаныштары

Университет мақтаныштары

Qosyldy: 26.12.19
Аvtor: admin
Pikirlerи (0)

Университет мақтаныштары

         Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері қашан да биіктерден көрініп жүр. 2018-2019 оқу жылы филология және әлем тілдері факультеті, "Филология" мамандығының студенттері үшін табысты жыл болды. 

         Атап  айтсақ, Зарипов Бейбарыс "Халықтың жыр байлығы – жаңғыру негізі" байқауынан бас жүлдені иеленсе, "Ана тілім – ән жырым" байқауынан 1-орынды қанжығасына байлады. 

         Құмарбек Нұркен Ескермесұлы "Жырың қалды жанымның ұшқынындай", "Жүректегі азат жыр", "Көркемсөз оқу шеберлері" байқауларынан жүлделі орындарды иеленді. 

         Қанат Ерполат "Тұнық жырдың тұмары", "Жас қаламгер" байқауларынан екінші және үшінші орындарды алды.

         Студенттерді жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! 2019-2020 жылғы оқу жылына да толағай табыс тілейміз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушылары

Сәткенова Жайна, Ақжігітова Аққибат





металлопрокат цены в Москве