Qazaqsha | Русский
Школы города Алматы
» » «Алматы БАЛАFEST» қалалық балалар фестивалі бастау алады.

«Алматы БАЛАFEST» қалалық балалар фестивалі бастау алады.

Qosyldy: 05.05.22
Аvtor: admin14
Pikirlerи (0)
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында оңтүстік астанада алғаш рет 2022 жылғы 5 мамырда ауқымды іс-шара – «Алматы БАЛАFEST» қалалық балалар фестивалі бастау алады.
Фестивальдің мақсаты - балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, оларды белсенді демалыс пен спортқа тарту; қалада мерекелік атмосфера құру.
Жалпы қамту: 300 мыңнан астам бала.
Фестиваль аясында 7 қалалық байқау ұйымдастырылады, оған ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар да қатысады:
1. «Жұлдызды сәт» (музыкалық шығармашылық және хореография)
2. «Open Air Спорт» (Спорт және салауатты өмір салты)
3. «Бояулар құпиясы» (бейнелеу өнері)
4. «Хакатон - IT Universe» (IT, дрондар және робототехника)
5. «Өнерлі бала» (сәндік-қолданбалы өнер)
6. «Кітап-білім бұлағы» (әдеби оқу)
7. «Жасыл Алматы» (Экология және қоршаған орта)
«Сенім», «Аяла», «Шапағат» медициналық-әлеуметтік мекемелеріндегі, «Кеңес» оңалту орталығындағы ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалар үшін 5 бағыт бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады: «Аспаз» (аспаздық өнер), «Спорттық дода» (спорттық жарыстар), «Түстер әлемі» (бейнелеу өнері), «Шебер балақай» (сәндік-қолданбалы өнер), «Әсем табиғат» (мәдени шаралар). Қамту: 600 бала.
Қалалық конкурстар 3 кезеңде өтеді: Мектеп кезеңі - 5 мамырдан 14 мамырға дейін; аудандық кезең - 16 мамырдан 24 мамырға дейін; қалалық кезең - 26 мамырдан 28 мамырға дейін.
1 маусымнан бастап қаланың барлық аудандарындағы 11 алаңда мультфильм кейіпкерлері, комикстер мен ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен балаларға арналған мәдени-ойын-сауық бағдарлама өтеді. Алаңдарда танымдық ойындар, көрнекі спорттық іс-шаралар, шеберлік сыныптар, көрмелер және басқа да көптеген ойын-сауықтар ұйымдастырылады. Мерекелік концерттік бағдарламаға дарынды балалар мен қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады. Алғаш рет балалар мерекесі үшін арнайы жазылған фестиваль әнұраны шырқалады.
«Алматы БАЛАFEST» балалардың демалысын ұйымдастыру және сауықтыру бойынша жазғы маусымның өзіндік бастамасы болады.