Qazaqsha | Русский
Школы города Алматы

Cүйінші!

Qosyldy: 11.11.23
Аvtor: admin14
Pikirlerи (0)
СҮЙІНШІ!!🇰🇿🥇🏆

🏆Алматы қаласы, Алмалы ауданы N°24 лицейдің 10 сынып оқушысы Халбай Дияр Индонезияда өткен «INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR
(ISIF-2023)» халықаралық ғылым және өнертабыстар көрмесінде “Дейкстра алгоритімінің математикада қолданылуы” тақырыбындағы зерттеу жұмысын 🤹🏻ағылшын тілінде қорғап, жұмысы ҮЗДІК деп танылып, 🥇АЛТЫН МЕДАЛЬ иеленді

🤹🏻Жас зерттеуші тұтынушы үшін Орталық Азиядағы Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменістан елдерге 🛤️сапарының ең тиімді слабовидящихн ұсына алатын Дейкстра алгоритмі көмегімен жасалған бағдарламаны нәтижелі ұсынып өтті. Сондай-ақ бұл кодты негізге ала отырып, одан әрі ауқымды масштабтағы 🌍бағдарламаны жасау үшін зерттеу жұмысын 🤹🏻жалғастыру ұсынысы білдірілді✅
👩🏻‍🏫🔎Ғылыми жетекшілері: математика пәні мұғалімдері Картабаева Айжан Бекежановна мен Турумбетова Гульнар Айтжановна. 
Және де жас зерттеушіміздің өз жұмысын ағылшын тілінде үздік қорғауына ықпал етіп үлесін қосқан ағылшын тілі пән мұғалімдері  Мақылбек Айдана Жомартқызы мен Енсебаева Айнұр Есбосиновна.

👨🏻‍🎓Халбай Дияр - лицей мақтанышы, 6 сынып оқып жүрген кезінен бастап олимпиадалық резервке қатысушы, алғыр оқушы. «Алматы БАЛАFEST» фестивалінде Алматы қаласы әкімінің “Алғыс хатымен” марпатталған. Аудандық, халықаралық, республикалық, қалалық байқаулардың жеңімпазы✨ 
Атап айтқанда:
✅Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми-жобалар конкурсының аудандық кезеңінің III дәрежелі диплом иегері, 2022 ж.
✅Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми-жобалар конкурсының қалалық кезеңінің жүлделі *I дәрежелі* диплом иегері 2022 ж.
✅Тұран университеті «Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми-жобалар конкурсының қалалық кезеңінің «Қолданбалы Математика» секциясы бойынша  жүлдегері ретінде *2 жылдық грантпен* марапатталады, 2022 ж.
✅Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінің математика пәнінен жүлделі *I дәрежелі* диплом иегері, 2022ж.
✅Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңінің математика пәнінен жүлделі *I дәрежелі* диплом иегері, 2022ж