Qazaqsha | Русский
Школы города Алматы
» » Қала тынысы

Қала тынысы

Qosyldy: 21.10.15
Аvtor: admin
Pikirlerи (0)
08.10.2015 11:07:21

Алматыда ерекше көрме ашылды. Қала күніне орай ұйымдастырылған шарада көрермен назарына Алматының әргі-бергі тарихынан сыр шертетін жәдігерлер ұсынылды. Көрме негізінен алып шаһар мен Жетісу аймағының ежелгі кезеңі мен қазіргі уақытқа дейінгі аралығын қамтитын бірегей фотосуреттерден тұрады.

Мультимедиялық көрмеде қала жұртшылығының назарына 500-ден аса туынды ұсынылды. Мұнда ару Алматының соңғы бір ғасырда сәулеттік келбетінің қалай өзгергені кезең-кезеңмен көрсетілген. Онда заман талабына сай өзгерген әсем қаланың көрікті келбеті айшықталған. Суреттердің барлығы қалалық мұражай қорынан алынған.

«Қазіргі таңда музейдің қызмет аясы кеңейіп келе жатыр. Қазіргі талап жұмысына сай, мұражай әрбір Алматы қаласында орналасқан Орталық паркте, үлкен сауда орындарында және басқа да жерлерде үлкен көрмелер ұйымдастырып келе жатыр»,- деді Алматы қаласы тарихы музейінің ғылыми қызметкері Нұрсұлу МҰСАЕВА.

Сондай-ақ әсем әнмен әрленіп, күймен көмкерілген көрмеде қаланың қоғамдық - саяси және мәдени өмірі мен өнеркәсіптің дамуы жеке топтамамен көрсетілген. Алматы кеше, бүгін және ертең сынды шаһарымыздың құрылу тарихы мен бүгінгі келбеті, сондай-ақ болашақта болады деген көздің жауын алатын құрылыстар жұрт назарына ұсынылды.

Тарихи жәдігерлер де көрме сөресінен тыс қалмаған. Соның ішінде көпшілік назарына ұсынылған мына қол қазан біздің заманымызға дейінгі V-ІІІ ғасырларға тән. Оны Алатау ауданының тұрғыны 2011 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында тапқан екен.

Үлкен экрандармен көмкерілген галерея қонақтарының басым бөлігі жастар. Ұйымдастырушылар мұнымен тоқтамай өнегелі істі жалғастыруды көздеп отыр. Алдағы уақытта олар алматылық суретшілердің еңбектерін топтап, ауқымды көрме өткізбек.

Перизат Көмекбайқызы, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы