Qazaqsha | Русский
Школы города Алматы
» » Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығына 550 жыл

Qosyldy: 21.10.15
Аvtor: admin
Pikirlerи (0)

Қазақстан бұл Ұлы дала елі! Ұлттың ұлылығын ұлықтаған бұл жолы да Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде тарихын тасқа қашаған жұрт үшін Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау ұлылықтың тағы бір белгісі екенін ескертті. Сан ғасырда сансыз сынақты еңсерген еліміз үшін бұл мейрамның шоқтығы тым биік екенін де айтты. Әлем дағдарыс деп шабылып жатқанда біздің ел Қазақ хандығының 550 жылдығын жұдырықтай жұмылып атап өтуде.

 

Қазақты қазақ еткен қайраткерлеріміз бен қара қылды қақ жарған билерімізді ұлықтайтын күн. Тура 550 жыл бұрын кемеңгер Керей мен жігерлі Жәнібек Қазақ хандығының іргесін қалады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мерекелік шаралардың шымылдығын түрді.

 «Кеңес одағы заманында мектеп оқушылар КСРО тарихы атты ортақ оқулықтан білім алды. Пышақтың жуандығындай ғана кітаптан тәлім алдық. Сондықтан жас ұрпағымыз ата тарихынан мүлдем алшақтап қалғаны белгілі. Елімізде батырдың не ханның ескерткіші, мәдени орталықтар немесе көше аттарыда болған жоқ. Оларға келеңсіз баға беріліп, қисынсыз айып тағылды», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. 


 Тарихи ақиқатты тілге тиек еткен мемлекет басшысы Қазақияны – «Ұлы дала елі» деп атады. Бұл атау енді еліміздің жаңа брендіне айналуы тиіс. SLIXY Қазақтың әргі-бергі кезеңіндегі ақтаңдақтарды Алты Алашқа танытуда біздің мойнымызға жүктелген тарихи жүк болмақ.

Қуанышымызды бөлісуге Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев, сондай-ақ, Түркия мен Түркіменстан мемлекеттерінің өкілдері келген.