Qazaqsha | Русский
Школы города Алматы
» » ЕНТ тапсырған 45 946 бітірішілердің 13261-і шекті деңгейден өте алмады.

ЕНТ тапсырған 45 946 бітірішілердің 13261-і шекті деңгейден өте алмады.

Qosyldy: 05.06.13
Аvtor: admin
Pikirlerи (0)
 
 
ЕНТ тапсырған 45 946 бітірішілердің 13261-і шекті деңгейден өте алмады. Тек 4580 талапкер ғана 100 балдан жоғары жинай алды. Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі күнгі қорытындысын жария еткен Ұлттық тестілеу орталығы осындай деректерді алға тартуда.

3 және 4 маусым күндері өткізілген тестілеуге 45946 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде - 31399, орыс тілінде - 14547 бітіруші.

«Ағымдағы жылы қорытынды аттестаттауды ЕНТ түрінде тапсыруға 99565 бітіруші тілек білдірген, оның ішінде: 68316 бітіруші қазақ тілінде, 31249 бітіруші орыс тілінде. 2012 жылы тестілеуге 121059 өтініш берілген, оның ішінде қазақ тілінде 82383 бітіруші, орыс тілінде 38676 бітіруші», - делінген хабарламада.

Ең жоғары нәтиже көрсетіп, 124 балды жинаған бітірушілер саны өзгерген жоқ. Олар: Балташева Назира Тлеулесқызы (ТЖК 719001010) және Орынбаева Алтынай Маратқызы (ТЖК 708012025).