Qazaqsha | Русский
Школы города Алматы
» » «Ұстаздар күні» мерекесіне арналған салтанат

«Ұстаздар күні» мерекесіне арналған салтанат

Qosyldy: 01.10.16
Аvtor: admin
Pikirlerи (0)

«Ұстаздар күні» мерекесінің салтанатты кеші 

«Ұстаз бар сабақ берер құрбыласқа, 

Ұстаз бар сабақ берер бір класқа. 

Ұстаз бар Адамзатқа дәріс оқыр, 

Осылай әрқайсының орны басқа! 

  Ғалым да шахтер да бас иетін, шәкіртке жинаған ұлы қасиетін ұлағатты «Ұстаздар күні» төл мерекесіне орай №157 жалпы білім беретін мектепте салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылып өткізілді.

  Мерекелік шараның шымылдығын аудан басшысы Сайфеденов Сайран Тәпенұлы ашып беріп, алғысөзінде: «Ғажабы мол ғалымдағы, әсемдігі мол әлемдегі әрбір адам ананың ақ сүтінен қалай нәр алған болса, дәл солай кез-келген адам да ұстаздан тәлім алған. Сара боп туған ғалымдар, дара боп туған дарындар – барлығы да ұстаздардың ұлықтығынан үлгі алуларының арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткізген» -деп, барша ұстаздар қауымын Төл мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына амандық, кәсіби қызметтерінде шабыс пен табыс және сәттіліктер тіледі.

  Аудан әкімінің құттықтау сөзінен кейін білім және ғылым, ағартушылық саласындағы сындарлы саясаттың іске асуына белсенді атсалысқаны және егеменді еліміздің әлеуметтік бағытындағы қызметке өз үлестерін қосқан аяулы ұстаздарды сонымен қатар зейнет жасындағы мұғалімдерді құрметпен марапаттады.

  Мерекенің салтанаты «Парадайс» би тобымен, «Тамшылар» ән тобының кішкентай өнерпаздарының ән-жырымен, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Мұқасан Шахзадаев, Құдайберген Бекіш, қазақ эстрадасының өсіп келе жатқан өнерлі жұлдыздары Назар Серік, «Light Band» өнерлерін көрсетіп, «Лимон-шоу» әзілкештер театрының қалжыңы мен ән-жырына ұластырылды.

Наурызбай ауданы әкімінің баспасөз қызметі