Qazaqsha | Русский
Школы города Алматы
» » №15 гимназияда "Жақсылыққа тәрбиелеу" атты дөңгелек үстел өтті

№15 гимназияда "Жақсылыққа тәрбиелеу" атты дөңгелек үстел өтті

Qosyldy: 04.11.16
Аvtor: admin
Pikirlerи (1)
№15 гимназияда "Жақсылыққа тәрбиелеу" атты дөңгелек үстел өттіҚоғамда бала тәрбиесіндегі ата-аналардың рөлін арттыру мақсатында №15 гимназияда алғаш рет ата-аналар ұжымының төрайымдары бас қосқан жиын өтті. Аталмыш іс-шараға гимназия директоры бастаған мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері мен ата-аналар қоғамдастығының белсенді мүшелері қатысты. Оқушылар ұжымын сынып жетекшісі басқарса, мұғалімдер ұжымына әдістемелік бірлестіктер, ата-аналар ұжымына өздері тағайындаған төрағалар бағыт-бағдар береді. Гимназиядағы оқу-тәрбие үдерісін басқару төрт қағидатқа негізделеді: сүйіспеншілік, өзара түсіністік, шығармашылық, табыстылық. №15 гимназияның 2016-2017 оқу жылына арналған оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру жоспарында көрсетілген бұл жиын «Мейірімділікпен тәрбиелеу» тақырыбында өтті.Өзара пікір алмасуға, ой бөлісуге, жаңа ақпаратпен танысуға келген ата-аналардың жиынын №15 гимназия директоры Оспанбек Бұлбұл Расбекқызы алғы сөзбен ашты. Ол қатысушыларды жиынның тақырыбы мен мақсат-міндеттерімен, күн тәртібімен таныстырды. Одан соң сөз кезегін біздің гимназияның ата-анасы,  С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің доценті Нуфтиева Айнұр Ислямқызы  алды. Ол жиынға қатысушыларды 2016 жылдың 7 қазан елордамыз Астанада өткізілген ХХІ ғасырдың ата-аналары: «Өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясының жалғасы болып табылатын дөңгелек үстелден алған әсерлерімен бөлісті. Үкіметтік деңгейде қолдауға ие болған бұл іс-шара «Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналарға берілетін кәсіби көмек жүйесінің концепциясы» тақырыбында өткенін баяндап, онда бала тәрбиесіне қатысты көптеген маңызды мәселелер қарастырылғанын айтты. Соның ішінде дөңгелек үстел қорытындылары бойынша нақты әрекеттер мен практикалық ұсыныстар көрсетілген резолюция қабылданғанын атап өтті. Өзінің бұл конференциядан бала тәрбиесіне қатысты біраз құнды ақпарат жинақтағандығын және №15 гимназияның  ата-аналарына да қажетті көптеген қызықты үлестірме материалдар алып келгендігін де баяндады. Ата-аналар да бұл баяндамаға ерекше қызығушылық танытып, сыныптың ата-аналар жиналысында бұл мәселені жан-жақты қарастыратындарын жеткізді. 
  Информация көзі http://almaly.almaty.kz