«Жас Барыс»
Pikirlerи (0)
Алмалы ауданында жасөспірімдер арасында қазақша күрестен «Жас Барыс»
аудандық жарыс ұйымдастырылды. 14-19 жас аралығындағы балуандар 12
салмақтық дәрежелер бойынша күш сынасып, жеңімпаздар қалалық байқауға
жолдама алды.Аталмыш жарыс ұлттық спорт түрлерін дамыту, жасөспірімдерді
салауатты өмір салтын ұстауға шақыру, олардың бойында отансүйгіштік пен
табандылық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Жарыс барысында 12 салмақтық дәрежеде 70-тен аса жас балуан қатысты. Әр салмақтың иесі жасына қарай іріктеуден өтіп, 14-15 жастағы балалар, 16-17 жастағы жасөспірімдер, 18-19 жастағы жас балуандар күресіп, жеңімпаз атанғандар аламанды қалалық кезеңде жалғастырады.Қазақ күресінен «Жас барыс» турнирі Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті мен Қазақстан Республикасының Қазақ күресі федерациясы бекіткен ережеге сәйкес, біліктілігі жоғары жаттықтырушылардың төрешілігімен өтті. Әрбір жарысқа қатысушы балуандар құрмет грамоталары мен түрлі сыйлықтарға ие болды.

Другие новости
Информация
Наурызбай ауданы №186 жалпы білім беретін мектебінің қызметкерлері арасындағы спартакиада
Информация
«Спорттық Алматы 2016»
Информация
Мектеп және колледж оқушыларының арасында қазақ күресінен жарыс өтті
Информация
Алматы оқушылары «Аман келешек» фестиваліне қатысты
Информация
Нұрсұлтан Назарбаев таудағы «Медеу» спорт кешеніне барды