Алмалы ауданында "Халқының ұлы тұлғасы" атты көрме ұйымдастырылды
Pikirlerи (0)
№30 Балалар кітапханасының
ұйымдастыруымен қаламыздың жалпы білім беретін мектептердің және
ауданның 5-сынып жетекшілері және оқушыларының қатысуымен, Қонаев
Дінмұхамед Ахметұлының туғанына - 105 жыл толуына байланысты, «Заманының
заңғар тұлғасы» атты әңгіме- көрме өткізілді. Оқушыларға, Қазақстанның аса көрнекті мемлекет және қоғам
қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым
академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел
ордендері мен медальдарының иегері, Қонаев Дінмұхамед Ахметұлының
халқына жасаған еңбектерімен таныстырылды. Қазақ жерінің барлық аймақтарында білім және мәдени ошақтар ашықанын,
тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салғанын, шаруашылығына
тигізен пайдасын айтып, кітап көрмесіне шолу жасап, мұражайын көрсетіп,
өмір баянымен таныстырылды. Аты аңызға айналған тұлға Дінмұхаммед
Ахметұлының өмірден өтсе де оның еңбектері бүгінде халық игіліне қызмет
етіп отыр. Қазақстан тарихында есімі алтын
әріптермен жазылған Дінмұхаммед Ахметұлы қазақ елінің дамып, көркеюіне
үлкен үлес қосып, халық есінде кемеңгер тұлға ретінде мәңгілікке
сақталады.
Другие новости
Информация
Алматы қаласы Білім басқармасының «№188 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Тәуелсіздіктің 25-жылдығына байланысты өткізілген іс-шаралары туралы мәлімдемесі
Информация
Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев ұстаздарды кәсіби мерекелері - Мұғалімдер күнімен құттықтады.
Информация
Мектеп және колледж оқушыларының арасында қазақ күресінен жарыс өтті
Информация
Алматы әкімі Б.Байбек оқушыларды Білім күнімен құттықтады
Информация
«Мың тағдыр – бір Ел»