Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Жетісу ауданы «№102 ЖББМ» КММ «Бала құқығы - адам құқығы» атты республикалық онкүндік

Жетісу ауданы «№102 ЖББМ» КММ «Бала құқығы - адам құқығы» атты республикалық онкүндік

Qosyldy: 26.11.18
Аvtor: admin
Pikirlerи (0)
Жетісу ауданы «№102 ЖББМ» КММ «Бала құқығы - адам құқығы» атты республикалық онкүндік 

Мақсаты – білім беру ұйымдары оқушыларының құқықтық мәдениетін, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру.Онкүндікте ең өзекті мәселелер: бала құқықтары туралы, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өзін-өзі ұстауы, егер жасөспірім қиын жағдайға тап болса тақырыптары мен бала құқықтары туралы Конвенцияның негізгі мәселелері талқылануда. Адам құқығы әрбір адам үшін және жалпы ел үшін маңызды. Алайда, адам құқығы мен бостандығы қамқорлықты қажет етеді. Онкүндік бала жастан өз құқықтарын пайдалана отырып, өзге адамның құқығына қол сұқпауға, заңды шеңберден шықпауды үйретуге  бағытталған. Бастауыш сыныптарда «Бала құқығы - адам құқығы» атты Республикалық онкүндік аясында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мектеп инспекторы Тұрсын Жансерік оқушыларға олардың құқықтары жайында дәріс оқыды. Құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітілетінін, заң баланы озбырлықтың түрлерінен оның абыройын төмендетуден, ата-аналар тарапынан болатын қиянаттан (ұрып-соғудан, қаңғыбастыққа бейімділіктен және т.б.) қорғайтынын түсіндірді.Әрбір бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарихи және мәдениет ескерткіштерін сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи айлықтарға ұқыпты қарауға міндетті.Онкүндіктің шеңберінде «Абайла, терезе!», «Судағы қауіпсіздік», «Ақпараттық қауіпсіздік», «Отбасындағы зорлық-зомбылық», «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі», «Балалардың құқықтары» атты әлеуметтік бейнероликтер (мемлекеттік және орыс тілдерінде) көрсетілуде.  http://www.bala-qqk.gov.kz.Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарды, педагогтарды, белсенділерді, сондай-ақ барлық мектеп оқушыларын аталған шараға қатысу арқылы қолдау көрсетуге шақырады.