Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының 2020 жылдың қыркүйек айында қашықтан атқарған жұмыстарына анықтама.

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының 2020 жылдың қыркүйек айында қашықтан атқарған жұмыстарына анықтама.

Qosyldy: 08.10.20
Аvtor: Agida
Pikirlerи (0)


«Адал Ұрпақ»  ерікті мектеп клубының 2020 жылдың қыркүйек  айында қашықтан атқарған жұмыстарына анықтама.


Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы негізінде мектебімізде «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылып, жұмыс жоспары бекітілді. Жоспар бойынша осы оқу жылынан бастап мектебімізде қашықтан іс – шаралар өткізілді.
05.09.2020 жылы 9-10 сыныптар арасында «Парасатты азамат бұрышы» ұымдастырылуы талқыланды. 17 қыркүйекте өткен ата-аналар жиналысында құқықбұзушылық және сыбайлас жемқорлыққа байланысты бейнероликтер көрсетілді. Ата-аналарға балаларын заңдарды, құқықтық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу бойынша кеңестер берілді. Жалпы мектеп ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілетін жұмыстар туралы педагогикалық кеңесте айтылып өтті
22.09.2020 жылы «Қоғамдық тәртіп негіздері» атты тақырыпта ZOOM платформасы бойынша 8-10 сыныптар арасында пікірталас практикумы өткізілді. Бұл практикумда оқушылар «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» ұғымының мағынасын ашуға тырысып, «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады?» деген сұрақты талқылады.