Ш. Есенов университетінің білім беру саласындағы инновациялары мен жетістіктері
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде (Yessenov university) техникалық және инженерлік білім беруге ерекше назар аударады. Университеттің негізгі бағыттары — энергетика, мұнай-газ саласы, құрылыс, кеме қатынасы және ақпараттық технологиялар. Бұл салалар Ақтау мен Маңғыстау облысының экономикалық ерекшеліктеріне сай келеді. Yessenov university "Жасыл энергетика" мен қалдықтарды қайта өңдеу сияқты экологиялық бағыттарда да бірқатар инновациялық жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл университеттің жаңа заманауи техникалық құралдар мен бағдарламаларға негізделген бағдарламалары мен зерттеулерінің нәтижелері өндіріс саласына енгізілуде.
Университет қашықтан оқыту бағдарламаларын енгізу арқылы студенттер үшін оқу процесін ыңғайлы әрі қолжетімді етеді. Сонымен қатар, университетте инклюзивті білім беру жүйесі дамып келеді. Мүмкіндігі шектеулі студенттерге арналған арнайы жағдайлар мен қолдау бағдарламалары бар. Есенов университеті ғылыми зерттеулер мен инновацияларды дамытуда үлкен жетістіктерге жетті. Университеттің ғылыми зерттеу орталықтары мұнай-газ және энергетика саласындағы заманауи технологияларды зерттейді. Студенттер мен оқытушылардың ғылыми жобалары көп жағдайда өндірістік мақсаттарға бейімделеді, яғни олар тек теориялық жұмыстармен шектелмей, нақты өндіріс пен қоғамға пайдасын тигізеді.
Ш. Есенов университеті студенттерге заманауи оқу және зертханалық инфрақұрылым ұсынады. Мысалы, университетте ғылыми зертханалар, симуляциялық орталықтар және арнайы оқу бөлмелері бар, олар студенттерге техникалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.
Халықаралық ынтымақтастық және мобильділік
Yessenov University халықаралық деңгейде әріптестік орнатуға көп көңіл бөледі. Әсіресе, университет халықаралық жобаларға қатысып, әлемнің жетекші оқу орындарымен серіктестік орнатуда. Бұл студенттердің шетелдік тәжірибе алуына мүмкіндік береді, сондай-ақ ғылыми жобалар мен зерттеулерді халықаралық деңгейде дамытуға ықпал етеді.
Ақтау қаласының мұнай-газ өндірісінің орталығы болғандықтан, университеттің негізгі бағыты — осы саладағы білім беру мен зерттеулер. Университетте мұнай-газ инженериясы, геология, энергетика, экология және басқа да арнайы бағдарламалар бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылып, салаға қажетті білікті кадрларды даярлауда маңызды рөл атқарады.
Кәсіби бағдарлау және жұмысқа орналасу
Университет студенттерінің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жоғары. Университет түрлі кәсіпорындармен келісім-шарттар жасап, студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне және жұмысқа орналасуына көмектеседі. Сонымен қатар, көптеген университет түлектері Қазақстанның жетекші энергетикалық және мұнай-газ компанияларында жұмыс істейді.
Yessenov University Ақтау қаласында орналасқан және өзіндік ерекше білім беру жүйесін ұсынады. Оның күшті жақтары — техникалық бағыттағы білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, инновациялық жобалар мен халықаралық байланыстарды нығайту. Университет өзінің өңірдегі білім беру және ғылыми дамуына үлкен үлес қосып келеді.
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (PhD)
Несіпқалиев Дәурен

