«Ана тілім - ардағым» атты мерекелік іс-шара
Pikirlerи (0)
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Ана тілім - ардағым» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Біз, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс студенттері, керемет кештің куәсі болдық. Кеш барысында түрлі сала өкілдері марапатталып, олардың еңбектері лайықты бағаланды. Кешті ұлттық ансамбльдің өнері әрледі, Лала Бақытнұрқызының орындауындағы ән көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл іс-шара тілге деген құрмет пен ұлттық бірліктің маңызын тағы бір мәрте көрсетті. Тіліміз – ұлт болмысының өзегі, рухани байлығымыз екенін дәлелдеген мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
«Қазақ филологиясы» мамандығының
1-курс студенті Есқабыл Аяна,
куратор-эдвайзері Ақжігітова А.О


.
Jane oqynyz
Aqparat
25-қазан республика күніне орай
Aqparat
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - білімнің қайнар көзі
Aqparat
Тәуелсіздік туы желбіреген!
Aqparat
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінң филология және әлем тілдері факультеті
Aqparat
Жетісу ауданы «102 ЖББМ» КММ-де «Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиялының жоспарына сәйкес қала күнініе арналған 5-сынып оқушылары ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.

