ҚазҰУ ұжымы мен студенттері Президент Жолдауын 18 нүктеден тікелей эфирде тыңдады
2025 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті халыққа жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Бұл маңызды саяси оқиға Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында өтті. Жолдауда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру, ғылым, технология және жастар саясатына қатысты басты бағыттар айтылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жолдауды тікелей эфирде көру үшін арнайы жағдай жасалды. ҚазҰУ ұжымы мен студенттері университеттің 18 нүктесінде жиналып, онлайн көрсетілімді тамашалады. Бұл қадамның негізгі мақсаты – жастарды елдің стратегиялық жоспарларымен таныстыру және олардың азаматтық белсенділігін арттыру болды.
Көрсетілімнен кейін студенттер мен оқытушылар арасында пікірталас өтіп, Президент көтерген бастамалардың жастарға әсері талқыланды. Әсіресе, білім сапасын арттыру, жастарды қолдау, ғылым мен инновацияны дамыту, технологиялық жаңғыру сынды тақырыптар ерекше назарда болды.
ҚазҰУ басшылығы бұл шараны қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларға студенттердің қатысуын арттырудағы маңызды бастама ретінде бағалады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
«Қазақ филологиясы» мамандығының
1-курс студенті Мизамхан Жасия, куратор-эдвайзері Ақжігітова А.О.

