Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » 2019 жылдың 29 қарашада М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда сағат 10:00-де тұңғыш президент күніне орай «Заманауи Қазақстан.Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпыреспубликалық ашық сынып сағаты өткізілді.

2019 жылдың 29 қарашада М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда сағат 10:00-де тұңғыш президент күніне орай «Заманауи Қазақстан.Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпыреспубликалық ашық сынып сағаты өткізілді.

Qosyldy: 01.12.19
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

2019 жылдың 29 қарашада  М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда сағат 10:00-де  тұңғыш президент күніне орай «Заманауи Қазақстан.Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпыреспубликалық ашық сынып сағаты өткізілді. 

Жалпыреспубликалық ашық сынып сағатының мақсаты:
а) Тәуелсіз мемлекет құрудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасымыз Нұрсұлтан   Әбішұлы Назарбаевтың  атқарған қызметі мен еңбегі туралы ақпараттар ұсыну.
ә) Оқушылардың тіл байлығын дамыту,ой-өрісін кеңейту,тұңғыш Елбасына деген мақтаныш сезімін ұлғайту, патриотизмін, Отанға деген махаббатын арттыру.
б)  Елін сүйген ,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Сынып сағаттарында  Елбасының өмірбаяны, тәуелсіз Қазақстанның көркеюі жолында еткен еңбектері, шығарған кітаптары,өмірлік ұстанымы, таңдаған ақ жолы, көшбасшылығы туралы айтылып,осы тақырыпта бейнебаяндар,слайдтар көрсетілді.Оқушылар өзара пікір алмасты,сұрақтарға жауап берді,Елбасына деген ыстық лебіздері мен өлеңдерін арнады.
Осы тәрбие сағатына Елбасының сыныптасы Жексенбаева Галя апа Сіргебайқызымен кездесу болып өтті. Галя Сіргебайқызы Елбасының балалық , оқушы кездерінен естеліктер айтып берді. Сыныптастарының суреттерін көрсетті, Елбасының сыныптасы екендігін мақтанышпен айтты. «Ерліктің дастаны, еліме қарашы...» атты кездесуден оқушылар керемет әсер алды. Галя Сіргебайқызы «Елбасы сыныптастары» кітабын мектеп кітапханасына сыйға тартты.