Qazaqsha | Русский
Школы города Алматы
» » 25-қазан республика күніне орай

25-қазан республика күніне орай

Qosyldy: 25.10.22
Аvtor: admin14
Pikirlerи (0)

        25-қазан республика күніне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 22.10.2022 ж. күні университет маңында әр түрлі танымдық іс-шаралар өтті. Мәселен 17 -22 қазан аралығында қалашық территориясында денсаулықты нығайту мақсатында студенттік спартакиада апталығы ұйымдастырылды, ал 18-қазан күні ректорат ғимаратының 15-қабатында «Жас ғалымдар және білімгерлердің ғылыми форумы» өтті. 19-қазан күні әл-Фараби кітапханасында «Әділ мемлекет, біріккен ұлт, өркендеген қоғам» атты республикалық жастар форумы өтті. 21-қазан Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында республика күніне арналған жиын болды. 22-қазан күні университет айналасында бірнеше іс-шара ұйымдастырылды, солардың бірі жалпы университеттік марафон және Алтын күз жәрмеңкесі. Марафон университет кампусында арнайы карта-квест түрінде жүргізілді. Алтын күз жәрмеңкесінде шахмат, тоғызқұмалақ, еркін күрес, арқан тартыс сынды ойын жарыстарымен қатар кітап, қыз келіншектерге арналған әшекей бұйымдар, ою-өрнектермен көмкерілген ұлттық нақыштағы жамылғылар және басқа да ұлттық қолөнер үлгілері, жеміс-жидектер жәрмеңкесі мен таңдаулы суретшілердің сурет көрмесі өтті. Сондай ақ, әр түрлі ұлт өкілдері өз мәдениеті және ұлттық тағамдарымен таныстырды. Университет кітапханасының қарсы алдында студенттер арасында ұйымдастырылған «Ділмар» шешендік байқауы аясында көркем сөз оқылып, әсем ән мен тәтті күй салынып, би биленді, ал Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайының алдында студенттер сап түзеп И. Ескендірдің «Көк тудың желбірегені» атты әніне көк туымыз желбіретті. Жәрмеңкеге қатысқан өзге ұлт өкілдері және де биылғы жылы университет қабырғасын жаңадан ғана аттаған 1-студенттерінен арнайы сұхбат алынды. Cұхбат үстінде студенттерге университетіміз ұнайтындығын және дәл осы жоғарғы оқу орнына оқуға түскендігін мақтаныш сезінетіндігін, одан бөлек  еліміздің халқы өте қонақжай екендігін де айта өтті.


       Сонымен қатар «Механика-математика» және «Филология, әдебиеттану және әлем тілдері» факультетінің оқытушылары Аузерхан Г. С. ; Оспан Ә.О. бірлесіп факультеттің 1-2 курс студенттерін 24.10.2022 ж. күні «География және табиғатты пайдалану» факультетіне қарасты мұражайдың ішкі тынысымен таныстырды.  Таныстық барысында студенттер университет тарихымен қатар мұражайдың қалыптасуына зор үлесін қосқан ғалымдармен, өсімдіктер мен жануарлардың сан алуан түрлерімен  танысты. Шағын ғана мұражай саяхатынан соң студенттер өз алған әсерімен бөлісті. 

Мақала авторыОспан Ә.О.