Qazaqsha | Русский
Школы города Алматы
» » Алматыда «Ұлы Жібек Жолымен-2022» халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті

Алматыда «Ұлы Жібек Жолымен-2022» халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті

Qosyldy: 26.11.22
Аvtor: admin14
Pikirlerи (0)

23-25 қараша күндері Алматы қаласындағы «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығында «Ұлы Жібек Жолымен-2022» Х Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі басталды. Алатау бөктеріндегі кітап мерекесін ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен «Атакент-Экспо» Халықаралық көрме компаниясы мен ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, Қазақстанның баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Айта кетейік, жәрмеңкеге қазақстандық баспа өкілдерімен қатар Ресей мен Қырғызстаннан клген құрметті меймандар, сонымен қатар, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулдығының Мәдени өкілдігі қатысып отыр.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған ҚР Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары Ақтілек Тәжі ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың құттықтау хатын оқып берді. Одан кейін ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Ресей кітап шығарушылар қауымдастығының (РКШҚ) президенті Константин Чеченев, Иран Ислам Респбуликасының Алматы қаласындағы бас консулы Мухсин Фағани, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов және тағы да басқа құрметті меймандар сөз сөйлеп, барша қауымды жәрмеңкенің ашылу салтанатымен құттықтады.

Жәрмеңкенің алғашқы күнінде қонақтар кіөрмені тамашалап, өздеріне қажетті кітаптарды сатып алып қана қойған жоқ, сонымен қатар түрлі кездесулердің куәсі болды.

Арнайы сахнада Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Қадырбек Сегізбаев және «Айналсоқ» кітабының авторы ақын Дәулеткерей Кәпұлымен кездесу өтіп, мазмұнды әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, ақын Ұлықбек Есдәулеттің таяуда жарық көрген «Иірмекіл» кітабы да жұртшылыққа таныстырылды.

Көрме барысында Ресей Федерациясынан келген белгілі жазушы Гөзел Яхина оқырмандармен кездесіп, қаза тілінде жарық көрген кітаптары тағы бір мәрте оқырмандарға ұсынылды. Автор түрлі тақырыпта әңгіме өрбітіп, өзінің шығармашылық зертханасымен бөлісті.

Естеріңізге салайық, «Ұлы жібек жолымен-2022» Х Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі қарашаның 25-не дейін жалғасады.