Qazaqsha | Русский
Школы города Алматы
» » Сағадиев "Қазақ тілі" мен Қазақ əдебиеті" туралы

Сағадиев "Қазақ тілі" мен Қазақ əдебиеті" туралы

Qosyldy: 04.03.17
Аvtor: admin
Pikirlerи (1)















Фото: 365info.kz

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жоғары оқу орындарында

бірқатар мамандықтың жабылғаны туралы әлеуметтік желілерде тарап кеткен ақпаратқа байланысты видеоүндеу жариялады, деп xабарлайды Baq.kz ведомствоның фейсбуктегі парақшасында жарияланған.

 
 «Соңғы кезде сіздер Интернет желісінде МОН РК-нің мамандықтар классификаторындағы «Қазақ тілі», «Қазақ əдебиеті», «Қазақ тарихы», «Лингвистика», «Шығыстану» сынды мамандықтарды жоғары оқу орындарынан алып тастағаны туралы, немесе МОН РК «Серпін» жобасының жұмысын тоқтатып, министр Сағадиев еліміздің ЖОО-да ежелгі қазақ тарихы кафедраларын жауып, осы пəннің жүргізілуін доғарғаны туралы ақпаратты кездестіруіңіз мүмкін.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын, сондай-ақ мұндай хабарлардың шындығында неғұрлым көп қазақстандықты қисық жолға бағыттап, жалғанға сендіруді көздеген қитұрқы əрекеттер екендігін білген абзал. Аталған қауесеттерді жоққа шығарып, ақиқатты жеткізу мақсатында ҚР білім жəне ғылым министрі Ерлан Сағадиев сіздерге арнап бейне жауап дайындады», - деп жазылған ведомствоның ресми парақшасында.

Бейнематериалда білім министрі жоғарыда аталған мəселелерге қатысты қандай жағдай қалыптасқандығы жөнінде шынайы мəліметтер береді.

Осы орайда білім және ғылым министрлігі педагогтар мен ата-аналарды, оқушыларды тек сенімді дерек көздерінен таратылатын ақпаратқа жүгінуге шақырды.