Авиамоделдік спорт-2016 аумақтық біріншілігі
Pikirlerи (0)
Іле ауданындағы «Байсерке» аэродромында Түрксіб ауданы әкімінің кубогына авиамоделдік спорт-2016 аумақтық біріншілігі өткізілді. Жасөспірімдер арасында өткізілген спорттық жарыстың мақсаты жастар мен жасөспірімдер арасында авиомоделдік спортты және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау. Аталған жарысқа 8 команда қатысты. Жарыстың нәтижесінде 1-орынды №44 мектеп гимназиясы, 2-орынды облыстық жас техниктер, 3-орынды оқушылар сарайы иеленді. Жеңімпаздарға аудан әкімінің кубогы және естелік сыйлықтар тапсырылды.