Мұғалімдер арасында волейболдан турнир өтті
Аталған спорттық шараға Бостандық ауданы "Нұр Отан" партиясы филиалының төрағасының бірінші орынбасары Баймұрат Мұратханұлы Жамбылов, "Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" ЖШС "дəрігерлік-денешынықтыру" бөлімінің маманы Рахия КеңесбекқызыИскакова жəне аудандық "Ұстаз" кəсіподағының төрайымы Гүлнара Бектасынқызы Ахметбаева, аталған мектеп басшылығы қатысты.
Спорттық сайыста ауданның 8 мектептерінен 56 мұғалімнен құралған 6 команда арасында шымырлық, жылдамдық пен ептілік күші сыналды.Шараны алғы сөзімен ашып, споршыларға сәттілік тілеген«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының бірінші орынбасары Баймұрат Мұратханұлы: «Ұстаздар арасындағы жеңімпазды анықтау емес, олардың уақыттарын тиімді пайдаланып, бос уақыттарын әрдайым салауатты өмір салтын насихаттау барысында әр түрлі іс-шаралар өткізу. Соның бірі міне бүгінгі - шара. Жалпы бұл енді волейболмен шектеліп қалмайды, спорттың әр түрлі салаларынан осындай жарыстар ұйымдастыру алдағы жоспарымызда да бар»,-деп айтып өтті. Бесплатная онлайн библиотека LitRec.net читать книги
Жарысқортынды бойынша келесі командалар жеңімпаз атанды:
1-орын - №93 жалпы білім беретін мектеп командасы алды.
2-орын -№146 мектеп-лицей командасы,
3-орын - №145 жалпы білім беретін мектеп командасы қол жеткізді.
Жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар мен кубоктар табыс етілді.
Ал спорттық бәсекеге қатысқан барлық командалар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Информация көзі: http://bostandyk.almaty.kz/news/04-11-2016turnir-po-voleybolu-sredi-uchiteley/