Алатау ауданы оқушылары арасында шығыс жекпе жегінен сайыс өтті
Pikirlerи (0)
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында салауатты өмір салтын
қалыптастыру-оның ішінде жастар арасындағы спортқа көңіл бөлуді дендеп
қолға алуды атап көрсеткен. Алатау ауданының жастары осы мақсатта
қалыс қалып жатқан жоқ. Соның бір дәлелі Ел тәуелсіздігінің 25
жылдығы,Алматы шаһарының 1000 жылдығы, аясында 04 желтоқсан күні
Алатау ауданындағы «Айгерім» ықшамауданында орналасқан №149 Жалпы білім
беретін мектепте шығыс жекпе жегінен өткен турнир.
Сайысқа Аудан әкімінің марапаты үшін 7 жастан 15 жасқа дейінгі бапкер Данияр Мұратбайдың шәкірттері, жалпы саны 36 оқушы қатысты. Мерекелік шараға аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Арман Құдайберген қтысып, спортта бәйгеге түсіп жатқан оқушыларға өзінің ақ тілегін білдірді.
Қатысушылар сайыс ережесі бойынша сынға түсіп, 1-інші ,2 ші және үшнші орындарға ие болды. Оларға аудан әкімінің атынан дипломдармен алғыс хаттар табысталды. Шара соңы мерекелік концертпен жалғасын тапты.
Другие новости
Информация
Мұғалімдер арасында волейболдан турнир өтті
Информация
Шөп үстінде хоккей бойынша турнир
Информация
Кинология орталығына саяхат
Информация
Наурызбай ауданы №186 жалпы білім беретін мектебінің қызметкерлері арасындағы спартакиада
Информация
Мектеп және колледж оқушыларының арасында қазақ күресінен жарыс өтті