Сағадиев "Қазақ тілі" мен Қазақ əдебиеті" туралы
Фото: 365info.kz
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жоғары оқу орындарында
бірқатар мамандықтың жабылғаны туралы әлеуметтік желілерде тарап кеткен ақпаратқа байланысты видеоүндеу жариялады, деп xабарлайды Baq.kz ведомствоның фейсбуктегі парақшасында жарияланған.
Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын, сондай-ақ мұндай хабарлардың шындығында неғұрлым көп қазақстандықты қисық жолға бағыттап, жалғанға сендіруді көздеген қитұрқы əрекеттер екендігін білген абзал. Аталған қауесеттерді жоққа шығарып, ақиқатты жеткізу мақсатында ҚР білім жəне ғылым министрі Ерлан Сағадиев сіздерге арнап бейне жауап дайындады», - деп жазылған ведомствоның ресми парақшасында.
Бейнематериалда білім министрі жоғарыда аталған мəселелерге қатысты қандай жағдай қалыптасқандығы жөнінде шынайы мəліметтер береді.
Осы орайда білім және ғылым министрлігі педагогтар мен ата-аналарды, оқушыларды тек сенімді дерек көздерінен таратылатын ақпаратқа жүгінуге шақырды.