Жасыл балабақша – экологиялық мәдениетке тәрбиелеу үлгісі
Pikirlerи (0)
Жасыл балабақша – экологиялық мәдениетке тәрбиелеу үлгісі
Қазіргізамандаэкологиялықмәдениетпентабиғаттықорғаумәселесі– қоғамдамуыныңмаңыздыбағыттарыныңбірі. Адамзаттың қоршаған ортаға деген көзқарасы мен жауапкершілігі ерте жастан қалыптасуы тиіс. Осы орайда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының рөлі ерекше. Осы бағыттағы игі істердің бірі ретінде №186 бөбекжай – балабақшасында "Жасыл балабақша – экологиялық мәдениетке тәрбиелеу үлгісі" атты қалалық практикалық семинар жоғарғы деңгейде өтті.
Бұл бастама бөбектерге табиғатқа жанашырлықпен қарауды үйретіп қана қоймай, олардың бойында экологиялық мәдениет пен жауапкершілік сезімін сіңіруді көздейді.

Жобаның мақсаты мен міндеттері
«Жасыл балабақша» жобасының негізгі мақсаты – балабақшада экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесін жетілдіру арқылы балалардың табиғатты қорғау мәдениетін, экологиялық ойлау қабілеті мен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Жобаның міндеттері:
·Балаларды табиғатпен үйлесімді өмір сүруге үйрету;
·Балабақша аумағын көгалдандыру арқылы экологиялық таза әрі жайлы орта құру;
·Экологиялық бағыттағы кіріктірілген оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру;
·Ата-аналарды экологиялық жобалар мен акцияларға тарту;
·Балалардың экологиялық мәдениетін ойын, тәжірибе және шығармашылық әрекет арқылы дамыту.
Жоба негізінен он екі айға жоспарланған,бүгінгі шарады алғашқы екі айын өткізу жоспары көрсетілді. Жобаның әр кезеңінде мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар балабақша ұжымының жүйелі еңбегінің нәтижесінде жоғары деңгейде өтті деуге болады.
Жасыл орта – балалар тәрбиесінің өзегі
Жоба шеңберінде өткен семинар-практикум экологиялық тәрбиені дамытудың жарқын мысалы болды. Семинарға Алматы қаласы Білім басқармасы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен балабақша педагогтері қатысты.
Семинар құрметті қонақтары:
Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары: Малгаждарова Бибигуль Тюлепбергеновна
Алматы қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы: Сагиева Алия Жолдасбековна
Әуезов ауданының білім бөлімі басшысы: Саттарова Гульнар Рахимовна
«Алматыкітап баспасы» баспасының мектепке дейінгі білім беру методисі: Тажинова Бахыт Социаловна
Ынтымақтастықпен жұмыс жасаған Абай атындағы ҚазҰПУ Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының п.ғ.д., профессор Манкеш Ақсауле Ержанбайқызы
Жоба жетекшісі: Абай атындағы Қаз ҰПУ Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Жакупова Алтынай Жұмабекқызы сондай ақ Капсанова Гульмира Бейсеновна, Абитова Гулбану Тастановна, Кыякбаева Улболсын Козыбаевна
Тәжірибе алмасуда серіктесіміз: Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы "Ұлан" бөбекжай-бақшасының басшысы: Смагулова Бахтыгуль Бейсембаевна және ұжым мүшелері болды.
Қонақтар экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы біздің ұжымның тәжірибесімен танысып, жылы лебіздерін білдірді.
Біз үшін бұл – үлкен құрмет әрі жаңа шабыт көзі!
Іс-шараның салтанатты ашылуында қонақтар мен ата-аналарға арналған шығармашылық бағдарламалар көрсетілді. Балалар табиғатты қорғау туралы өз түсініктерін театрландырылған қойылымдар мен музыкалық көріністер арқылы жеткізді.
Іс-шаралар бағдарламасы
Семинар бағдарламасы бірнеше мазмұнды кезеңдерден тұрды:
·Қонақтарды қарсы алу және тіркеу.
·«Күзгі асар» жәрмеңкесімен «Жас экологтың 12 тыйымы»атты қойылым — балалардың экологиялық тыйымдар мен дәстүрлерді түсінуіне бағытталды.
·«Жылыжай – жасыл бақша ордасы»және «Метеоалаң – ауа райын бақылаймыз!»атты жобалар таныстырылып, балалардың табиғат құбылыстарын бақылау қабілеттері дамытылды.
·«Қалдықсыз болашақ»тәжірибелік сабағында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу тәсілдері үйретілді.
·«Су – тіршіліктің көзі»атты ұйымдастырылған оқу қызметі арқылы балаларға судың табиғат пен өмір үшін маңызы түсіндірілді.
·Мектепалды даярлық топтарының қатысуымен «Күн мен Жер»атты көлеңкелі театр қойылымы қойылып, экологиялық ой-тұжырым көркем формада жеткізілді.
·Балабақша ұжымы «Жасыл балабақша»жобасы аясында атқарған жұмыстарын таныстырды.
·Ғалымдар «Табиғат қуаты: мектеп жасына дейінгі балалар денсаулығына қатысты экологиялық тәжірибелер» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.
·Қорытынды бөлімде пікір алмасу, кері байланыс және ұсыныстар кезеңі ұйымдастырылды.
Қатысушылар жобаның экологиялық тәрбиені дамытудағы маңызын атап өтіп, басқа да балабақшаларға үлгі ретінде тарату қажеттілігін айтты.
Жасыл болашақ – балалар қолында
«Жасыл балабақша» жобасы – жай ғана іс-шаралар тізбегі емес, бұл – балалардың экологиялық санасын қалыптастыруға арналған жүйелі педагогикалық бағдарлама. Мұнда әрбір әрекет пен сабақ балалардың табиғатқа деген құрметін арттырып, олардың ойлау көкжиегін кеңейтеді.
Жоба барысында балалар тек тыңдаушы емес, белсенді қатысушы ретінде түрлі тәжірибелерге қатысып, табиғи үдерістерді өз көзімен бақылайды. Мұндай тәсіл экологиялық мәдениеттің терең әрі тұрақты қалыптасуына ықпал етеді.
Қоршаған ортаны қорғау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Бұл міндетті орындау балаларға кішкентай кезінен үйретілсе, болашақ ұрпақ табиғатқа жанашыр көзқараспен қарайтын саналы азамат болып қалыптасады.
№186 бөбекжай – балабақшасы жүзеге асырған «Жасыл балабақша» жобасы – мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбиенің жаңа моделі. Бұл тәжірибе тек бір балабақша үшін емес, жалпы еліміздегі экологиялық білім беру жүйесін жетілдіруге үлес қоса алады.
Қазіргізамандаэкологиялықмәдениетпентабиғаттықорғаумәселесі– қоғамдамуыныңмаңыздыбағыттарыныңбірі. Адамзаттың қоршаған ортаға деген көзқарасы мен жауапкершілігі ерте жастан қалыптасуы тиіс. Осы орайда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының рөлі ерекше. Осы бағыттағы игі істердің бірі ретінде №186 бөбекжай – балабақшасында "Жасыл балабақша – экологиялық мәдениетке тәрбиелеу үлгісі" атты қалалық практикалық семинар жоғарғы деңгейде өтті.
Бұл бастама бөбектерге табиғатқа жанашырлықпен қарауды үйретіп қана қоймай, олардың бойында экологиялық мәдениет пен жауапкершілік сезімін сіңіруді көздейді.

Жобаның мақсаты мен міндеттері
«Жасыл балабақша» жобасының негізгі мақсаты – балабақшада экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесін жетілдіру арқылы балалардың табиғатты қорғау мәдениетін, экологиялық ойлау қабілеті мен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Жобаның міндеттері:
·Балаларды табиғатпен үйлесімді өмір сүруге үйрету;
·Балабақша аумағын көгалдандыру арқылы экологиялық таза әрі жайлы орта құру;
·Экологиялық бағыттағы кіріктірілген оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру;
·Ата-аналарды экологиялық жобалар мен акцияларға тарту;
·Балалардың экологиялық мәдениетін ойын, тәжірибе және шығармашылық әрекет арқылы дамыту.
Жоба негізінен он екі айға жоспарланған,бүгінгі шарады алғашқы екі айын өткізу жоспары көрсетілді. Жобаның әр кезеңінде мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар балабақша ұжымының жүйелі еңбегінің нәтижесінде жоғары деңгейде өтті деуге болады.
Жасыл орта – балалар тәрбиесінің өзегі
Жоба шеңберінде өткен семинар-практикум экологиялық тәрбиені дамытудың жарқын мысалы болды. Семинарға Алматы қаласы Білім басқармасы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен балабақша педагогтері қатысты.
Семинар құрметті қонақтары:
Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары: Малгаждарова Бибигуль Тюлепбергеновна
Алматы қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы: Сагиева Алия Жолдасбековна
Әуезов ауданының білім бөлімі басшысы: Саттарова Гульнар Рахимовна
«Алматыкітап баспасы» баспасының мектепке дейінгі білім беру методисі: Тажинова Бахыт Социаловна
Ынтымақтастықпен жұмыс жасаған Абай атындағы ҚазҰПУ Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының п.ғ.д., профессор Манкеш Ақсауле ЕржанбайқызыЖоба жетекшісі: Абай атындағы Қаз ҰПУ Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Жакупова Алтынай Жұмабекқызы сондай ақ Капсанова Гульмира Бейсеновна, Абитова Гулбану Тастановна, Кыякбаева Улболсын Козыбаевна
Тәжірибе алмасуда серіктесіміз: Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы "Ұлан" бөбекжай-бақшасының басшысы: Смагулова Бахтыгуль Бейсембаевна және ұжым мүшелері болды.
Қонақтар экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы біздің ұжымның тәжірибесімен танысып, жылы лебіздерін білдірді.
Біз үшін бұл – үлкен құрмет әрі жаңа шабыт көзі!
Іс-шараның салтанатты ашылуында қонақтар мен ата-аналарға арналған шығармашылық бағдарламалар көрсетілді. Балалар табиғатты қорғау туралы өз түсініктерін театрландырылған қойылымдар мен музыкалық көріністер арқылы жеткізді.
Іс-шаралар бағдарламасы
Семинар бағдарламасы бірнеше мазмұнды кезеңдерден тұрды:
·Қонақтарды қарсы алу және тіркеу.
·«Күзгі асар» жәрмеңкесімен «Жас экологтың 12 тыйымы»атты қойылым — балалардың экологиялық тыйымдар мен дәстүрлерді түсінуіне бағытталды.
·«Жылыжай – жасыл бақша ордасы»және «Метеоалаң – ауа райын бақылаймыз!»атты жобалар таныстырылып, балалардың табиғат құбылыстарын бақылау қабілеттері дамытылды.
·«Қалдықсыз болашақ»тәжірибелік сабағында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу тәсілдері үйретілді.
·«Су – тіршіліктің көзі»атты ұйымдастырылған оқу қызметі арқылы балаларға судың табиғат пен өмір үшін маңызы түсіндірілді.
·Мектепалды даярлық топтарының қатысуымен «Күн мен Жер»атты көлеңкелі театр қойылымы қойылып, экологиялық ой-тұжырым көркем формада жеткізілді.
·Балабақша ұжымы «Жасыл балабақша»жобасы аясында атқарған жұмыстарын таныстырды.
·Ғалымдар «Табиғат қуаты: мектеп жасына дейінгі балалар денсаулығына қатысты экологиялық тәжірибелер» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.
·Қорытынды бөлімде пікір алмасу, кері байланыс және ұсыныстар кезеңі ұйымдастырылды.
Қатысушылар жобаның экологиялық тәрбиені дамытудағы маңызын атап өтіп, басқа да балабақшаларға үлгі ретінде тарату қажеттілігін айтты.
Жасыл болашақ – балалар қолында
«Жасыл балабақша» жобасы – жай ғана іс-шаралар тізбегі емес, бұл – балалардың экологиялық санасын қалыптастыруға арналған жүйелі педагогикалық бағдарлама. Мұнда әрбір әрекет пен сабақ балалардың табиғатқа деген құрметін арттырып, олардың ойлау көкжиегін кеңейтеді.
Жоба барысында балалар тек тыңдаушы емес, белсенді қатысушы ретінде түрлі тәжірибелерге қатысып, табиғи үдерістерді өз көзімен бақылайды. Мұндай тәсіл экологиялық мәдениеттің терең әрі тұрақты қалыптасуына ықпал етеді.
Қоршаған ортаны қорғау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Бұл міндетті орындау балаларға кішкентай кезінен үйретілсе, болашақ ұрпақ табиғатқа жанашыр көзқараспен қарайтын саналы азамат болып қалыптасады.
№186 бөбекжай – балабақшасы жүзеге асырған «Жасыл балабақша» жобасы – мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбиенің жаңа моделі. Бұл тәжірибе тек бір балабақша үшін емес, жалпы еліміздегі экологиялық білім беру жүйесін жетілдіруге үлес қоса алады.
Jane oqynyz
Aqparat
Ш. Есенов университетінің білім беру саласындағы инновациялары мен жетістіктері
Aqparat
№32 ЖББМ КММ «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» мейрамы аясында «Әз көктем,аяулымсың армандаған» мәнерлеп оқу сайысы
Aqparat
«Мерекелі күз» қалалық көрмесі
Aqparat
7-12 сынып оқушылары арасында «ЭКОСТАН-ға САЯХАТ» республикалық экологиялық конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы
Aqparat
Түркісіб ауданының МКҚК №149 бөбекжай-балабақшасында «Спорт-жан серігі» атты ұжым аралық спорттық сайыс ойыны өтті

