Qazaqsha | Русский
Sait seriktesi
» » 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Qosyldy: 27.11.25
Аvtor: admin14
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушылары Ә. О. Оспан және А.О. Маукееваның  жетекшілігімен «Өндіріс, инновациялар және инфрақұрылым» атты БҰҰ-ның 9 тұрақты даму мақсаттары аясында механика-математика факультеті, механика мамандығының 2 курс студенттері Қазақстан Республикасының ұлттық орталық мұражайына экскурсия жасап қайтты. 


Экскурсия мақсаты студенттерді еліміздің бай тарихи-мәдени мұрасымен таныстырып қана қоймай, сондай-ақ еліміздің басты қаласынының көрікті жерлерін аралату.

Экскурсия барысында студенттер ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі заманауи тарихи даму кезеңдерін бейнелейтін мінсіз экспозициялармен танысты. 


Мұражай қызметкері студенттерді мұражайдың негізгі артефакттарымен, ұлттық символика, археологиялық қазбалар мен көшпенділер мәдениетімен таныстырды. Әсіресе мемлекеттің қалыптасуына зор үлесін қосқан Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев және тәуелсіздікке арналған залдар студенттердің қызығушылығына ие болды.

Аса назар аудартарлық жайт, бұл мұражайда жергілікті тұрғындар, оқушылар мен студенттерден өзге шетел азаматтарының келуші қонақтар  арасындағы көптігін байқауға болады. Бұл әрине мұражайдың мәдениетаралық байланыс пен халықаралық назар орталығы ретіндегі маңыздылығын білдіреді.

Жалпы айтқанда, аталған іс-шара студенттерде жақсы әсер қалдырды. Осы секілді сабақтан тыс кездесулер тек білім беруге ғана ықпал жасап қоймай, сондай-ақ жастардың бойында ұлттық, патриоттық, эстетикалық және мәдениетаралық ілім мен ізденімпаздық секілді қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді.





әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Маукеева А.О.

Оспан Ә.О.