Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері сенбілікке қатысты
Pikirlerи (0)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері сенбілікке қатыстыӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттері оқу орны аясында ұйымдастырылған тазалық пен көгалдандыруға арналған сенбілікке белсенді түрде қатысты.Іс-шараның негізгі мақсаты — қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттыру және ұжымдық жұмыс дағдыларын дамыту. Сенбілік барысында студенттер университет аумағын тазалау, жасыл желектерді ретке келтіру, санитарлық жұмыстарды жүргізу ісіне атсалысты.
Аталған шара білім алушылардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, экологиялық тәрбие беру бағытындағы жұмыстардың маңызын көрсетті. Сонымен қатар, студенттер арасында ынтымақтастық пен жауапкершілікке негізделген қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.
Мұндай тәрбиелік-танымдық іс-шаралар университетте дәстүрлі түрде өткізіліп, болашақ мамандардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік береді.
А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушысы А.Ақжігітова
Jane oqynyz
Aqparat
Жасыл балабақша – экологиялық мәдениетке тәрбиелеу үлгісі
Aqparat
ҚазҰУ ұжымы мен студенттері Президент Жолдауын 18 нүктеден тікелей эфирде тыңдады
Aqparat
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - білімнің қайнар көзі
Aqparat
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдегі ең үздік университеттердің 210 қатарына енді.
Aqparat
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінң филология және әлем тілдері факультеті

