dle
alschool
Школы Алматы » Информация » Мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды
Школы Алматы » Информация » Мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды

    Мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды


    Мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды2016 жылдың 10 қазаны күні Қазақстан жазушылары кітапханасында, Әуезов ауданы әкім аппараты мен кітапхана әкімшілігінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай, «Тәуелсіздіктің тал бесігі – Алматым» атты мәнерлеп оқудан сайыс өтті. 

    Ақын, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Саят Қамшыгер, Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының президенті, Еларалық «Шалқар» газетінің бас редакторы Жаңыл Әпетова, Қазақстан жазушылары кітапханасының меңгерушісі Елена Ағайса, «Қаламгер» демалыс орталығының жетекшісі Кульчира Нуратаева қазылық етті. 

    Мәнерлеп оқу байқауына № 72 жалпы білім беретін мектеп, № 13 мектеп-гимназиясының және Ахмет Байтұрсынов атындағы № 139 мектеп-гимназияның оқушылары қатысты. Мәнерлеп оқуда оқушылар таланттары бірінен-бірі асып, байқау қонақтары мен әділ қазылар алқасының көңілдерінен шыға білді. 

    Бұл байқауда № 13 мектеп-гимназиясының оқушысы Мадина Бекболатова бірінші жүлделі орынға ие болды. Ал екінші орында қанжығасына байлаған Ахмет Байтұрсынов атындағы № 139 мектеп-гимназияның оқушысы Ерболат Кеңесов, болды. Үшінші жүлделі орынға № 72 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Мирас Мажит ие болды. 

    Байқауда әуезді әуендер шырқалып, байқау қатысушылары мен қонақтарының көңілдерін көтеріп, байқаудың қызықты өтуіне септіктерін тигізді. «Саулем-ай», «Ерке нәз» би тобының қыздары биден шашу шашса, «Риназ» дуэті, «Аяла» тобы және жас өнерпаздар Исламбек Шаймағамбетов, Инаят Әділханова, Димаш Саурық әндер шырқады. 

    Байқау өте тартысты болды. Сайыс соңында әділ қазылар алқасының өкілдері сөз сөйлеп, жеңімпаздарды дипломдармен, алғысхаттармен және сыйлықтармен марапаттады.


    Похожие новости
  • Жетісу ауданының жалпы білім беретін мектептерінде «Менің отаным – Қазақста ...
  • Наурызбай ауданы №186 жалпы білім беретін мектебінің қызметкерлері арасында ...
  • Мектеп және колледж оқушыларының арасында қазақ күресінен жарыс өтті
  • Алматы оқушылары «Аман келешек» фестиваліне қатысты
  • №188 жалпы білім беретін мектептің шығармашылық тобының бұйымдар көрмесі өт ...

Фото новости
Событие дня
Новые статьи
12 октября В Алматы определили победителей ежегодного конкурса "Адал ұстаз - Честный учитель" В конкурсе

20 сентября Жетісу ауданы «102 ЖББМ» КММ-де «Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиялының жоспарына

17 сентября Встреча с интересным человеком в актовом зале школы-лицея № 28 им.М.Маметовой

16 сентября Информация об открытии IT-классов.

14 сентября Жетісу ауданы «№102 ЖББМ» КММ-де 2018 жылғы 06-14 қыркүйк аралығында «Отбасы - бақыт

02 июля «Күншуақ» лагерінің шаттыққа толы жазы!

30 июня Аким Алматы Бауыржан Байбек встретился с выпускницей школы-гимназии №123 Шиарой Кудайбергеновой

30 июня Алматинские школьники оказались в лидерах по результатам Единого национального тестирования

30 июня Итоги ЕНТ-2018: свыше 14 тысяч выпускников не прошли тестирование

14 июня Аттестат табыстау салтанаты

Топ новости